21 тамыз 2020 12:45

Полиция карантин кезінде Төреғали Төреәлінің отбасында болған той ұйымдастырушыларын анықтады

Сурет: instagram.com/farizatoreali

Желіде танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің үйлену тойынан видеолар пайда болды. Полиция ұйымдастырушыларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің үйлену тойынан видеолар пайда болды. Полиция ұйымдастырушыларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фариза Төреәлі былтыр спортшы Дархан Нортаевтың үйлену туралы ұсынысын қабылдаған болатын. Осы жылдың мамырында мұсылманша неке қию рәсімі өтті. Кейін той карантинге байланысты кейінге қалғаны хабарланған.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali) 20 Авг 2020 в 5:37 PDT

Қыздың Instagram-дағы парақшасында жариялаған видео, суреттеріне қарағанда жұп карантинның түпкілікті әлсіреуін күтпей, той жасаған сыңайлы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali) 20 Авг 2020 в 4:53 PDT

Бейнежазбаларға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі түсінік берді.

"Кеше Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлері ұйымдастырушыларды анықтады. Барлық материал жиналып, шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің санинспекторларына тапсырылды. Юрисдикцияға сәйкес олар хаттама толтыруға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмония мен коронавирустан 26 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram