ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2022 | 08:17
Полиция "Көк Төбе" маңына қасақана өрт қойды деген адамды іздестіріп жатыр
"Көк Төбе" маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Көк Төбе" маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, видеоға түсірілген жер анықталған.
Бүгінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады.
Еске алайық, бүгін Алматыда Көктөбеде тау бөктерінде өрт шыққан болатын. ТЖД мәліметінше, жедел шаралардың арқасында 20:22-де өрт толық оқшауланған. Өрт толығымен 20:35-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 19 бірлік өрт сөндіру техникасы мен суару техникасы және 130 адам жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также