08 сәуір 2021 18:04

Полиция көлігінің үстінде суретке түскен алматылық жазаланды

Фото: instagram.com/kris.p.online

Алматыда белгісіз біреу полиция көлігінің үсітінде тұрып суретке түскен. Сурет әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз біреу полиция көлігінің үсітінде тұрып суретке түскен. Сурет әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз ер адам суреттерді әлеуметтік желіге жариялаған. Алайда құқықбұзушы тез арада анықталды. Хаттама толтырылғаннан кейін бұзақы сот алдында жауап берген.

Реклама
Реклама

Оның ісі Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

"Ер адам құқық қорғау органы қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, қызметтік көліктің үстінде тұрып суретке түскен. Суреттерді әлеуметтік желіде жариялады. Сот оны екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Себебі оның әрекеттері қоғамдағы мінез-құлық нормаларын елемегенін және қоғамдық тәртіпті бұзғанын көрсетеді", - деді сот қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram