03 қыркүйек 2022 | 08:45

Полиция қызметкері 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда учаскелік полиция инспекторы 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда учаскелік полиция инспекторы 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев көпқабатты үйден секіріп, өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды.

Полицияның "102" арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-ші қабаттың сыртқы ернеуінде әйелдің отырғаны туралы қоңырау келіп түседі. Сол уақытта оқиға орнында болған инспектор үйге жүгіріп барып, әйелдің шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді.

Реклама
Реклама

Қуаныш Мирзаев санаулы секундта жоғарғы қабатқа көтеріліп, техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуге көтеріледі. Арадағы қашықтық 1 метрдей болғанымен, ол білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан ұстап алады. Жас әйел қатты жылап, полицейден босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да келеді.

"Полиция қызметкері мен құтқарушылар қызды терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шықты. Қазіргі кезде полицейлер 27 жастағы қала тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная