06 мамыр 2022 | 16:57

Полиция қызметкері Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Данияр Мейрхан. Фото: otyrar.kz

Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірхан уақытша қызметінен босатылды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін ол алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып, кейін кепілмен босатылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірхан уақытша қызметінен босатылды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін ол алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып, кейін кепілмен босатылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Данияр Мейірхан тергеу барысында қызметінен шеттетілді. Оған қатысты істі Шымкент қалалық полиция басқармасы жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.

Шымкент қаласы тергеу сотының мәліметінше, Данияр Мейірхан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы). Бұған дейін ол 40 миллион теңге сомасында кепілге босатылғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Біз 43 миллион 225 мың теңге тұратын автокөлікті кепілге қойдық. Кепіл затты Мейірханның достары берді. Сот кепілге кез келген мүлікті, яғни  жылжымалы және жылжымайтын қабылдайды. Біз құны 43 миллион 225 мың теңге болатын автокөлік қойдық", - деп нақтылады Данияр Мейірханның адвокаттарының бірі Әлия Жаманбаева. Оның айтуынша, қазір ол үйде.

Данияр Мейірхан 1981 жылы дүниеге келген, ішкі істер органында 2003 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ол 2020 жылдың наурыз айынан бастап Түлкібас ауданының полициясының бастығы болды. Алайда ол мектеп мұғалімімен болған оқиғадан кейін қызметінен кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная