07 сәуір 2020 14:02

"Полиция қызметкері коронавирус жұқтырды" - Алматы облысының прокуратурасы хабарламаға пікір білдірді

Іле ауданының төрт тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы полиция мен дәріхананың екі қызметкері коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жалған ақпарат таратқандар бірден табылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Олар тұрғындардан ресми түрде кешірім сұрады. Тұрғындарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға және арандатуларға сенбеуге шақырамыз. 

Реклама
Реклама

Соңғы уақыттағы жағдайлар бойынша шынайы ақпарат құзырлы мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезіндегі тәртіпсіздікке заңды түрде жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада. 

Бүгінде Алматы облысында барлығы төтенше жағдай режимінің бұзылуына байланысты 195 іс қарастырылған. 38 адам қамауға алынып, 151 адамға айыппұл салынды, тағы 6 адамға ескерту жарияланды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram