05 желтоқсан 2023 | 17:26

Полиция қызметкерлері электрмобильдерге ауысты: әкім сынға жауап берді

Фото:gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі полиция департаментіне 25 электрмобиль не үшін қажет екеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі полиция департаментіне 25 электрмобиль не үшін қажет екеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер полиция қызметкерлеріне электр көліктерін сатып алуға қатысты сұрақтар қойды.

Реклама
Реклама

"Елде электр энергиясы жетіспейді, желілер ескірген. Бізге электрмобильдер не үшін қажет? Батарея қалай қуатталады және жойылады? Қылмыскерлерді қуып жүргенде, көліктің қуаты бітіп қалуы мүмкін", - деп сұрады журналистер.

"Көршілеріміздің тәжірибесін қараңыз, алысқа барудың қажеті жоқ, Қытайға барғандар болса, көрген болар: ол жақтағы көліктердің жартысынан көбі жасыл нөмірлі, барлығы электрмобильдерге ауысқан. Оларда проблема жоқ, жүріп жүр.

Басқа сұрақ: біз мұны ескеруіміз керек және жүйе бұған дайын болуы керек. Бізде бір экипаж бақылауда тәулігіне 100-150 шақырым жүреді. Ал онда (электрмобильдерде – еск.) жүру ұзақтығы 450 шақырым болады.

Сондықтан, шешім қабылданған кезде барлық маман барлық ықтимал тәуекелдерді қарастырды. Біздің облыс патрульдік полицияға бірінші болып 25 электрмобиль сатып алды, әрине, біраз қиындықтар туындайды", - деді Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная