13 тамыз 2019 | 15:42

Полиция майоры арнайы жасақты монша салу үшін қолданған

© Ардақ Құлтай

Алматы облысының жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің заңсыз әрекетіне қатысты түскен аноним шағым бойынша қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамы командир, полиция майоры Медет Камалбековке қатысты шара қабылдау туралы Ішкі істер министріне шағым түсірген. Арнайы құрамның сөзінше, командир былтыр Сарқанд қаласында қоғамдық монша, сондай-ақ, биыл Талдықорғанда үлкен үй салған. Жасақ өкілдері командирдің арнайы көліктерді құрылыс материалдарын тасымалдау үшін қолданып, еңбек күші ретінде жасақ қызметкерлерін пайдаланғанына наразы. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі Медет Камалбековтің заңсыз әрекетіне қатысты түскен аноним шағым бойынша Алматы облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram