28 желтоқсан 2018 23:34

Полиция мен сотқа шағым бар - Назарбаев Денис Теннің өлімі бойынша іс жайлы

Денис Теннің өлімі бойынша істе полиция мен сотқа шағым бар. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өлімі бойынша істе полиция мен сотқа шағым бар. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл атышулы іс болды. Қылмыс жасағандардың соты өтіп жатыр. Жалпы полицияға, сот органдарына шағым бар. Сондықтан осыған назар аударттым, таяуда осы мәселені жан-жақты қарастырдық. Полицияда ауқымды іс атқаруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы. 

Реклама
Реклама

Елбасы ІІМ-нің бес білім беру мекемесінде полиция академиясы ашылатынын хабарлады. Онда оқу бес жыл емес, алты айға ғана созылады. 

"5-6 жыл оқытады, шен береді, сосын барып қана жұмысқа көшеді. Меніңше, заң факультетін тәмамдап жатқан көптегені сол жаққа жақсы жалақы беріп, тартуға болады, оған әлеуметтік пакет, баспанамен қамту, жағдайын жасау кіреді. Барлық полиция учаскесінде фронт-офисі болуы керек, адам ол жаққа барып, өзін мазалаған сұраққа жауап табатындай болуы тиіс. Азаматтардың полицейге деген сенімі болуы тиіс. Бұл біздің қазақстандықтар ғой, олар да біреудің баласы, бауыры, туысы. Олардың жұмысына қолдау көрсетуіміз тиіс. Осы жылдар бойында қылмыскерлермен күрес жолында 779 полицей қаза тапты. Полицейді жауапты етіп, әлеуметтік пакетпен қамтысақ, түбегейлі өзгерістер енгізсек, сонда ғана талап етеміз, талапқа сай болмаса бәрінен де айрылады, тіпті зейнетақысынан да", - деді Президент. 

"Сот жүйесінде де солай. Біз сондай келісім жасадық... халық барып, мәселесін сотта шеше алатындай", - деді Назарбаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram