ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2023 | 13:13
Полиция "Plus Сapital" қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр
ІІМ Тергеу департаменті "Plus Capital" ЖШС қызметкерлеріне және басқа адамдарға қатысты қаржы пирамидасы мен алаяқтықты ұйымдастыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ІІМ Тергеу департаменті "Plus Capital" ЖШС қызметкерлеріне және басқа адамдарға қатысты қаржы пирамидасы мен алаяқтықты ұйымдастыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми мәлімет бойынша, Маңғыстау облысында "Plus capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ азаматтардың ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденген. Келтірілген залал сомасы 3,6 миллиард теңге болады.
"600-ден аса қазақстандық жәбірленуші деп танылды. Бұл іске қатысты облыс тұрғыны мен нотариус ұсталды. Сот үкімі бойынша, олар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды. Полиция оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді", - делінген хабарламада.
ІІМ Тергеу департаменті қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Осыған байланысты "Plus Сapital" қаржы пирамидасының заңсыз қызметінен зардап шеккен азаматтар бұл туралы Маңғыстау облысындағы ІІМ жедел-тергеу тобының орналасқан жері бойынша хабарлай алады: Ақтау қаласы, 3 б шағынауданы, 13 ғимарат, Полиция департаментінің тергеу басқармасы. Байланыс телефондары: 8-7292-47-42-92, 47-42- 82, 8-705-709-62-35, 8-775-210-99-97.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также