11 маусым 2019 | 09:35

Полиция Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұсталып, полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұсталып, полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зайытов Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң Ринат Зайытов үйіне қайтарылды", - деді полициядағылар.

Реклама
Реклама

"Біраз уақыттан соң тұрғындар полиция департаменті ғимаратының алдында жиналды. Оларға Зайытовтың үйіне қайтарылғанын хабарладық, бірақ жиналғандар тарқамады. Жиналғандардың осыдан кейін тағы да жаппай тәртіпсіздік орнатуы мүмкін екенін ескере отырып, Зайытов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабы бойынша жиналғандардың алдына барып, сөз сөйледі. Оларды заңбұзушылық жасамауға, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға шақырды", - деді полиция өкілдері.

Ведомство мәліметінше, бұл іс прокуратура бақылауында.

Ринат Зайытов полиция ғимаратының алдында жиналғандарға сөз сөйледі

Еске салайық, осыған дейін Зайытовтың "Алматы Арена" маңындағы алаңда ұсталғаны хабарланған еді. Кейін ол өзінің босап шыққанын айтып, алматылықтарды сабырға шақырып, видео жариялаған.

"Қадірменді ағайын, алматылықтар, алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болған жоқ. Сондықтан баршаларыңызды үйлеріңізге тарауыңызды сұраймын. Себебі мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді, ағайын. Ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын", - деген еді Зайытов таралған видеода.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная