ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2023 | 11:15
Полиция "тараздық Гринч" ұсталғаны туралы хабарлады
Өзгенің ауласынан шырша ұрлаған "тараздық Гринч" анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзгенің ауласынан шырша ұрлаған "тараздық Гринч" анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz.
Жаңа жылдың қарсаңында Таразда "жергілікті Гринч" пайда болып, мерекенің басты сәнi шырша ағашының ұрлану дерегі тiркелді. Белгісіз адам шыршаны тікелей тұрғын үйдің аумағынан ұрлап кеткен. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады.
"Күдікті қараңғы түнде биіктігі 2 метрден асатын шырша көшетін ұрлап әкетіп, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. "Шырша" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның айтуынша, жаңа жылда өз отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін үйіне ұрлап әкелген. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен ("Ұрлық") соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Бапқа сәйкес көрсетілген қылмысты жасағаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді.
Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также