02 қаңтар 2023 | 11:43

Полиция тәртіп сақшылары мейрамханада төбелес шығарғандарды ұрғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Полиция Ақтөбе қаласындағы "Ұлытау" мейрамханасында полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстау кезінде оларды "ұрып-соққаны" туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция Ақтөбе қаласындағы "Ұлытау" мейрамханасында полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстау кезінде оларды "ұрып-соққаны" туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, жарияланымға байланысты жанжалға қатысушыларды ұстауды жүргізген полицейлердің бейнежетондарынан алынған жазбалар талданған. Былтыр 31 желтоқсанда сағат 01:35-те жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Бөгенбай көшесі 17 мекенжайында орналасқан "Ұлытау" мейрамханасының жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мекен-жайға дереу полицияның кешенді күштерінің нарядтары жіберіледі. Ішімдік ішіп, мас болғандар полиция қызметкерлерінің ескертулерін елемей, бір-бірімен төбелесті жалғастырады. Сондай-ақ, видеожарияланымдағы "жігіт" пен "қызды" полиция наряды келгенге дейін, қақтығысқан адамдар арасындағы төбелес кезінде соққы алғандығы белгілі болды. Жанжал шығарғандар ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, барлығы полиция бөліміне жеткізілді.

Реклама
Реклама

Мейрамханада да, ұстау кезінде де полицейлердің тұрғындарға қол көтеру деректері анықталған жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрмет көрсетпегені үшін 4 адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная