03 мамыр 2021 | 17:11

Полиция төрт жастағы баланы самокатпен қағып кеткендерді іздестіріп жатыр

Видео кадры

Тротуарда самокат айдап кетіп бара жатқан қыз бен жігіт төрт жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Алматы қаласы ПД өкілдері кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тротуарда самокат айдап кетіп бара жатқан қыз бен жігіт төрт жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Алматы қаласы ПД өкілдері кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода самокат айдап бара жатқан қыз бен жігіт баланы қағып, кетіп қалғаны көрсетілген.  

Реклама
Реклама

Полиция департаменті өкілдері 2 мамырда белгісіз біреулер Назарбаев даңғылында самокат айдап келе жатып, Қабанбай батыр көшесінің қиылысында төрт жастағы баланы қағып кеткенін хабарлады.  

"Бүгінде бұл деректі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Баланы қағып кеткен адам міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Тиісті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная