ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2019 | 15:27
"Полицияда кездейсоқ адамдар көп. Бірақ барлығы емес". Экс-полицей жұмысы жайлы айтып берді
Экс-полицей Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің қиындықтары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экс-полицей Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің қиындықтары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Ол ішкі істер органдарында әртүрлі қызметте жұмыс істеген. Жазба авторы Астанада болған төбелестен кейін жұмыстан босатылған полицейлерді қолдады.
Оның ойынша, полиция қызметкерлерінің жұмысы бағаланбайды. Оған қоса, жұмыс таңғы сағат 08.30-да, кей қызметте 07.00-де басталады екен. Олардың жұмыс кестесі реттелмеген, тамақтану, демалыс және сыйақы көрмейді. Ол лейтенант, взводтың командирі бола тұра 110 000 теңге айлық алған екен. Сержанттар болса 70 000 теңге жалақы алған. Бірақ ол бұл жалақы жасалған жұмысты ақтамайды дейді.
Оның айтуынша, қаншалықты адал және жоғары деңгейде қызмет атқарғанымен, басшылардың алдында тек жағымпаздық арқылы жақсы қарым-қатынас құруға болады екен. Оған қоса, жұмыстан босатылған полицейлердің қаншама жақсылық жасағаны, жол апаттарының алдын алуы, көшедегі бұзақылықты азайтуы сияқты нәтижелері ескерілмейді.
"Көп адам полицияда бір танысымыз істесін деп туыстарын жіберетінін айтты. Керек кезде пайдаланамыз деп. Олар кездейсоқ адамдар, бірақ барлығы ондай емес", - деді Азамат Сәрсенбаев.
Видеода былапыт сөздер бар!
Еске салайық, тәртіп сақшыларының төбелесі түсірілген видеодан кейін бес полицей ішкі істер органдарынан шығарылған еді. Видеоға түсірілген төбелесте екі учаскелік инспектор мен үш жол-патруль полициясының қызметкері қатысқан. Олар жұмыстан босатылды. Оларың басшыларына да қатаң тәртіптік шаралар қолданылды.
Показать комментарии
Читайте также