06 қараша 2020 | 14:20

Польшада 16 жастағы қазақстандықты аңшы атып өлтірді. Студентті қабан деп ойлаған

Фото dziennikwschodni.pl

Польшалық БАҚ 16 жастағы қазақстандықтың өлімі туралы жаңа ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dziennik Wschodni басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Польшалық БАҚ 16 жастағы қазақстандықтың өлімі туралы жаңа ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dziennik Wschodni басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасын барған кезде болған.

Реклама
Реклама

"Балалардың айтуынша, олар келе жатқан көліктің дауысын естіп, қорқып, ағаштардың артына жасырынған. Олар көлік тоқтап, біреу есікті ашқанын естіген. Кейін оқ атылған. Оқ бүйрекке тиіп, бауырынан, өкпесінен және бетінен өтіп кеткен. Оның достары айғайлаған кезде, атқан адам кетіп қалған. Баланы интернатқа алып кетіп, жедел жәрдем шақырған, бірақ оның аман қалуға мүмкіндігі болмады", - деп жазады газет.


Клучковицадағы мектеп-интернат. Фото dziennikwschodni.pl

Басында полиция 16 жастағы жасөспірім аңшының құрбаны болуы мүмкін деп ойлады. Алайда жексенбіде мектеп аумағында аң аулау туралы хабарламалар болмаған.


Интернат маңындағы аумақ. Фото dziennikwschodni.pl

Осы оқиғадан бір күн өткен соң, отставкадағы полицей 51 жастағы Дариуш Ч. ұсталды. Сондай-ақ, оның 41 жастағы досы, шіркеу қызметкері және ерікті өрт сөндіруші ұсталған.


Фото: Люблин полициясы / dziennikwschodni.pl

Бұрынғы полицей үш айға қамауға алынды. Қылмыстың бұл түрі үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Басылым мәліметінше, күдікті жабайы қабанды атып жатқанына сенімді болған.

Оқ атқан адамның досы кәмелетке толмаған жәбірленушіге көмек көрсетпеді деп айыпталды. Ер адам қылмыскерге шындықты жасыру үшін оның оқиғалар нұсқасымен келісіп, оған көмектесті. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тәркіленген қару. Фото: Люблин полициясы / dziennikwschodni.pl

Польша аңшылар қауымдастығының өкілдері күдікті қылмыс жасаған кезде аңшылықпен емес, браконьерлікпен айналысқанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная