ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2020 | 17:54
Помпео Назарбаевқа қазақ тілінде амандық тіледі
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Майк Помпео Елбасыға қазақ тілінде денсаулық тіледі.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа COVID-19-дан толық және тез сауығып кетуін тілеймін. Бұл біздің елдеріміз үшін күрделі кезең. Бірге, біз бұл ауруды жеңеміз деп сенемін. Аман болыңыз", - деп жазды Помпео Twitter-де.
I wish Kazakhstan’s First President Nursultan Nazarbayev a full and speedy recovery from COVID-19. These are challenging times for our countries. Together, I am confident we will defeat this disease. Get well soon and aman bolynyz! pic.twitter.com/rZuRbqmE2N
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) June 19, 2020Израиль президенті Реувен Ривлин екі ел "жақсы қарым-қатынаста қалу керек" екенін айтты.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығуына тілектеспіз. Екі еліміз жақсы қарым-қатынасын жалғастырады", - деп жазды ол.
Sending best wishes for the speedy recovery of Nursultan Nazarbayev, first President of #Kazakhstan. Our two countries continue to enjoy excellent relations.
— Reuven Rivlin (@PresidentRuvi) June 19, 2020Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди де әлеуметтік желіде Назарбаевқа хат қалдырды.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген тілегім ізгі. Тезірек сауығыңыз, зор денсаулық тілеймін. Біз досымызды және стратегиялық әріптесіміз Қазақстанды коронавирус пандемиясымен күресте қолдаймыз", - деп атап өтті ол.
My best wishes to First President of Kazakhstan-Elbasy Nursultan Nazarbayev for early recovery and good health. We stand with our friend and strategic partner Kazakhstan in efforts to defeat the COVID-19 pandemic.
— Narendra Modi (@narendramodi) June 19, 2020Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также