ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2021 | 16:16
Пойыз жолаушылары коронавирус белгілері бар әйелдің үстінен шағымданды
Достық-Алматы бағытындағы пойыз жолаушылары коронавирус инфекциясының белгілері бар әйелдің үстінен шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Достық-Алматы бағытындағы пойыз жолаушылары коронавирус инфекциясының белгілері бар әйелдің үстінен шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жолаушылардың айтуынша, әйел үнемі жөтеліп, өзін жайсыз сезініп отырғанын және COVID-19 жұқтыруы мүмкін екенін жасырмай айтқан.
"Көрші купеде науқас әйел болды, ол тіпті маска таққысы келмеді. Вокзалға, пойызға кіру кезінде біздің дене қызуымызды, денсаулық жағдайымызды тексерген жоқ. Ashyq-пен де. Жай ғана бәрін кіргізіп жіберді. Неге ауру адамдарды кіргізеді? Адамдарда әлі әлеуметтік жауапкершілік жоқ. Әйелге шағымымызды айтқанда, ол жауап ретінде: "Енді сол жерде қалуым керек пе еді?" деп жауап берді. Айтарға сөзіміз жоқ", - дейді жолаушы Айжан.
Сонымен қатар, жолаушылар жолсеріктерге шағымданған кезде, олар барлық жолаушыны бақылай алмайтындығын айтқан.
Айта кетейік, пойыз Алматыға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.07-де келген.
Tengrinews.kz тілшісі пкірі алу үшін қалалық Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгінді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также