21 қараша 2018 16:17

Пойыздар әр бес минут сайын жүреді - Алматы метросы

© Ярослав Радловский

Алматыдағы метро пойыздарының аралық интервалы бес минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы "Метрополитен" КМК өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы метро пойыздарының аралық интервалы бес минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы "Метрополитен" КМК өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, 2021 жылға қарай Алматыдағы метроның "Достық" және "Сарыарқа" станциялары ашылып, жаңа пойыздар сатып алынғаннан кейін пойыздар қозғалысының аралық интервалы 5 минутқа дейін қысқарады. Қазір қарбалас кезінде пойыздар әр 8 минут сайын, ал басқа кезде 13 минут сайын жүреді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Достық" және "Сарыарқа" станцияларының құрылысына 67 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалады. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттағылар бұл станциялардың құрылысын жалғастыруға 1 миллиард теңгенің бөлінетінін мәлімдеді, қаржы жергілікті бюджеттен аударылады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram