13 тамыз 2024 | 12:27

Премьер-министр әрбір әкім мен министрдің міндетін атады

Фото:gov.kz

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов әр әкім мен салалық министрлердің міндетін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов әр әкім мен салалық министрлердің міндетін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс. Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді", - деді Олжас Бектенов.

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер қойнауын пайдаланушылардың, квазимемлекеттік және мемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін 60 пайызға жетізу туралы тапсырмасы бойынша жүйелі кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

Реклама
Реклама

"Тізілімге өнім шығарып отырған, өндірістік қуаттары жетерлік, әрі қарай даму үшін әлеуеті мен жоспарлары бар нақтыкәсіпорындардың ғана енуі өте маңызды. Тізілімге енген кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларын басым тәртіппен алатын болады", - деді Олжас Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная