Премьер-министр "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының вице-президентіне ескерту жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Премьер-министр "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының вице-президентіне ескерту жасады

Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

12 қаңтарда, Премьер-министр Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын айтты.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, Премьер-министр "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама