Премьер-министр Бектенов: G-Park рұқсатсыз құрылыс салып жатыр

Фото:depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов G-Park компаниясының Астанадағы нысандары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов G-Park компаниясының Астанадағы нысандары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордада G-Park компаниясы рұқсатсыз 7 тұрғын үй салып жатыр. Оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салды ғой", - деді премьер-министр Астанада өткен үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көптеген нысандар құжаттама мен қажетті рұқсат құжаттарындағы мәселелерге байланысты қауіп аймғында тұр.

Реклама
Реклама

"Астанадағы "Араби-2-Гранитный-2" тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған. 200-ге жуық отбасы баспана ала алмай жүр", - деді Бектенов.

Жалпы, Индустрия министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде заңсыз салынған 340-тан астам тұрғын үй кешені бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама