18 маусым 2024 | 11:09

Премьер-министр Бектенов Қазақстандағы интернет сапасы туралы айтты

Олжас Бектенов интернет жылдамдығын арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Олжас Бектенов интернет жылдамдығын арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов халықты сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі Үкімет алдына қойылған стратегиялық маңызы бар міндет екенін атап өтті. Оны шешу үшін өткен жылы "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы қабылданды.

"Бұл ретте премьер-министр халықтың интернет пен ұялы байланыс сапасына қатысты шағымдарына назар аударды. Тек былтырдың өзінде байланыс сапасына шамамен 21 мың шағым келіп түсіп, биыл 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жуықтаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мәселе тек шалғай елді мекендерде интернеттің нашар болуында ғана емес. Қалаларда да мобильді байланыс пен интернет сигналының көңілден шықпауы байқалады. Премьер-министр бұл мәселені жедел шешуді және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная