03 қараша 2022 | 15:36

Премьер-министр бірқатар шенеунікті жазалап, комитет басшысын қызметінен босатуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік бағасына жауапты бірқатар шенеунікті жауапкершілікке тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік бағасына жауапты бірқатар шенеунікті жауапкершілікке тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша кеңес өткізді. Премьер-министр азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты маңызды мәселелер бар екенін атап өтті.

"Министрліктер мен әкімдіктерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу үшін барлық қажетті құралдар, қаржы құралдары, бақылау функциялары бар, бірақ бағаның өсу серпіні жоғары", - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ ол бұған дейін "айналым схемасын" қаржыландыруды 100 миллиард теңгеге дейін жеткізу тапсырылғанын, алайда алты өңір – Алматы, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Қостанай және Ақмола облыстары осы уақытқа дейін оны іске асырмағанын атап өтті.

Оның айтуынша, қызметін қайта форматтау тапсырылған баға белгілеу тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысынан әлі де нәтиже жоқ және көкөніс сақтау қоймалары бойынша деректер базасын өзектендіру жүргізілмеген.

"Бұл – әкімдіктердің әлсіз жұмысының және Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері тарапынан үйлестірудің жеткіліксіздігінің нәтижесі. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін аталған өңірлер әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне осы бағытқа жетекшілік ететін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгізуді, сондай-ақ Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды.

Қорытындылай келе, ол қияр, қызанақ және жұмыртқа сияқты бағаның ең көп өсуі байқалатын тауарлық позициялар бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

"Негізгі жеткізушілердің кім екенін, бағаның неге өсіп жатқанын анықтау керек. Егер олар өз маржаларын бағаны көтерудің есебінен алса, онда нарықтық ортада жұмыс істесін, ал біз субсидияларды басқа бағыттарға жұмсаймыз. Бұл ретте өңірлерде рұқсат етілген сауда үстемесіне және арнайы комиссиялардың жұмысына мониторингті жүйелі жолға қою қажет. Әріптестер, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуді сұраймын. Құралдардың бәрі бар", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная