Премьер-министр экономикалық өсімді нығайту үшін барлық күшті жұмсауды тапсырды

?кімет отырысын ашу кезінде ?Р премьер-министрі Ба?ытжан Са?ынтаев 2016 жылды? 11 айыны? ?орытындысы бойынша о? к?рсеткіштер бар екенін атап ?тті. Осы уа?ыт аралы?ында ЖІ? 0,8 пайызды ??ра?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?кімет басшысыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысын ашу кезінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті. Осы уақыт аралығында ЖІӨ 0,8 пайызды құраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір барлық резервтерді қолданудамыз. Біз әкімдермен және компаниялардың басшыларымен сөйлестік. Осы жылды 1 пайыздық өсіммен аяқтай аламыз, сол үшін осы бағытта барлық күшімізді жұмсауымыз керек", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындысы қарастырылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен аймақтарға бюджеттен бөлінген қаржыны уақытылы игеруді тапсырды.

Премьер-министр оқылған баяндамалар бойынша экономикада жақсы көрсеткіштер байқалатынын, жыл басымен салыстырғанда барлық өңірлерде оң үдерістер бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, үкімет басшысы Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама