ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2021 | 10:34
Премьер-министр елордада карантинді күшейтуді тапсырды
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин төрағалық еткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин төрағалық еткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Вирустың репродуктивтік индексі - 1, инфекциялық төсек орындар 25 пайызға, реанимациялық төсек орындары 21 пайызға толы. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де "қызыл аймақта" тұр, "сары аймақта" 5 өңір: Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 11 өңір – "жасыл аймақта"", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Бүгінгі таңда 2,8 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан астамы екінші компонентті алды.
Премьер-министр елордада коронавирустың "Дельта" үнді штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отырғанын, оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршитінін және салдары анағұрлым ауыр екенін атап өтті.
Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Ведомствоаралық комиссияға елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
"Жалпы, Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлай түсті. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға және вакциналау қарқынын арттыруға ерекше назар аудару қажет", - деді Мамин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также