Премьер-министр энергетикалық кәсіпорындардың жағдайын сынға алды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото: t.me/KZgovernment

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов және басқа да ведомство басшыларының қатысуымен өткен Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысында электр энергиясымен қамтамасыз ететін жеке энергетикалық компанияның қызметі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің ескіргені айтылды. Бұл ретте жөндеу жұмыстары жүргізілмейді және авариялық бригадалар жетіспейді. Жалпы, тексерулер барысында анықталған келеңсіздіктер дереу арада ретке келтірілмейді. Осының салдарынан жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз сөніп қалуына, электр қуатының жоқтығына, тұрғындар қызметкерлердің байланыс орнатпайтындығына шағымданады.

Реклама
Реклама

Әлихан Смайылов кәсіпорын бойынша жиналған материалдарды қалыптасқан жағдайды талдау және құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная