11 ақпан 2023 | 16:45

Премьер-министр Қазақстандағы жолдарды сынға алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндеті қойылған.

Биыл 11 мың шақырым автомобиль жолдары, оның ішінде 7 мың шақырым республикалық желі жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Реклама
Реклама

Бүгінгі таңда 70 мың шақырым жергілікті желінің 85% – нормативтік жағдайда.

Жамбыл (97 пайыз), Маңғыстау (96 пайыз) және Павлодар (91 пайыз) облыстарында жергілікті жолдардың жай-күйі жақсы.

3 өңірде көрсеткіштер орташадан төмен: Батыс Қазақстан (46%), Ақтөбе (72 пайыз) және Атырау (72 пайыз) облыстарында.

Үкімет басшысы соңғы уақытта автомобиль жолдарының сапасына қатысты шағымдар көп екенін атап өтті. Жолдың нашарлығы жол апатына себепші болып, адамдардың өліміне әкеледі, транзиттік тасымал көлемін азайтады, сонымен қатар елдің имиджіне теріс әсер етеді.

"Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына жұртшылық қанағаттанбай отыр. Интернетте жұмыстың регламент бойынша емес, жаңбыр, тіпті қар жауып жатқан кезде жүргізіліп жатқаны түсірілген көптеген бейнеролик пен фотосуреттер толып жүр", - деді Әлихан Смайылов.

Мысал ретінде Үкімет басшысы Абай облысы Көктерек ауылында қардың үстіне асфальт төселгенін, ал Павлодар облысында асфальтты жолға шашып тастағанын айтты. Кейбір өңірлерде ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардан қайыр күтпей, жолдарды өз бетінше жөндейтін жағдайлар кездеседі. Алматы облысы Рысқұлов ауылында, Маңғыстау облысы Атамекен ауылында осындай жағдайлар орын алды. Сонымен қатар бір учаскеде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілген фактілер бар.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті.

Сонымен қатар Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін "Мерке-Бурылбайтал", "Ақтөбе-Атырау-Астрахан", "Алматы-Өскемен", "Өнеге-Бейсен", "Казталовка-Жәнібек", "Үшарал-Достық" сияқты маңызды автожол жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная