Премьер-министр қазақстандық базарлардағы “ұйымдасқан топтармен” айналысуды тапсырды

Премьер-министр қазақстандық базарлардағы “ұйымдасқан топтармен” айналысуды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ірі көтерме базарларында тәртіп орнатуды тапсырды. Ол азық-түлік бағасын негізсіз өсіретін "ұйымдасқан топтардың" заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ірі көтерме базарларында тәртіп орнатуды тапсырды. Ол азық-түлік бағасын негізсіз өсіретін "ұйымдасқан топтардың" заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің назарын көтерме сауда нарықтарындағы жағдайға аударып, шектен тыс баға қосу проблемасын атап өтті.

"Арман Абайұлы, өткен аптада сізге ірі көтерме базарларда тәртіп орнатуды тапсырған болатынмын. Жасыратыны жоқ, ол жерлерде ел айтып жүргендей, "ұйымдасқан топтар" заңсыз әрекет етеді. Көкөніс, жеміс-жидек, ет және басқа да өнімдердің бағасы ешқандай негізсіз, қолдан көтеріледі. Міне, осыны нағыз делдалдық схемалар деп айтуға болады. Ішкі істер министрлігімен, Мемлекеттік кірістер комитетімен және Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге осы мәселемен нақты әрі жүйелі түрде айналысыңыз", - деді Олжас Бектенов.

Реклама
Реклама

Үйлестірілген тарифтік саясаттың және монополияға қарсы реттеуді күшейтудің маңыздылығы бөлек атап өтілді.

"Тарифтік саясат болжамды әрі инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс. Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері тарифтер мен бензин бағасына мораторийдің аяқталуына байланысты олардың инфляция деңгейіне үлесін жоғарылатпау үшін шаралар қабылдауы қажет. Нарықтарды жүйелі түрде демонополизациялап, азық-түлік, отын, көлік және коммуналдық қызмет нарықтарында монополияға қарсы бақылауды күшейту керек. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және салалық мемлекеттік органдармен бірге аталған бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруы қажет", - деп тапсырды премьер-министр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама