14 ақпан 2022 | 13:56

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР премьер-министрінің өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай ҚР премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрінің өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай ҚР премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. 

"Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жж. - "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. - ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная