10 ақпан 2022 12:10

Премьер-министр Смайылов утильалым туралы: Әлеуметтік желідегі талқылаулардан хабардармын

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: recycle.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайды маған күнделікті баяндайды. Мен әлеуметтік желілерде, оның ішінде "Нетутильсбору!" тобындағы талқылаулардан хабардармын. Бүгінде кабельдік және сым өнімдері қалдығын жинауды 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтата тұру, кейіннен тарифті нөлге дейін түсіру туралы бұйрық әзірленіп жатыр", - деді Смайылов редакция сауалына берген жауабында.

Ол көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын одан ары тіркеу үшін "Жасыл Даму" мекемесіне 3159 куәлік берілгенін айтты.

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысы айтқандай, кәдеге жарату төлемі қайта қаралады, бірақ шектен шығуға жол бермеу керек. Ақпанның соңына қарай үкімет жаңартылған тарифтерді ұсынады", - деп түйіндеді сөзін Смайылов.

Премьер-министр "ӨКМ Операторы" ЖШС функциялары мемлекеттік ұйымға берілгенін, кәдеге жарату алымын алу және әкімшілендіру Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы "Жасыл Даму" АҚ-ға берілгенін, оған мемлекеттің қатысу үлесі жүз пайыз екенін еске салды.

Ай ішінде көлік құралдарын, ауылшаруашылық техникаларын, кабель және сым өнімдерін, автокомпоненттерді, орауыштарды, электр және электрон жабдықтарды қайта өңдеу төлемін төмендету мәселелері бойынша жұмыс тобының бірқатар отырысы өткені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram