ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2019 | 10:18
Премьер-министрдің орынбасары АҚШ елшісімен кездесті
Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Уильям Мозермен әңгімелесу барысында бүгінде АҚШ Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті салаларындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.
Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту бойынша барлық күш-жігерін салуға келісті.
Показать комментарии
Читайте также