ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2023 | 16:28
Премьер-министрдің орынбасары Екібастұз ЖЭО иесі туралы айтты
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз ЖЭО-ны мемлекет меншігіне беру мәселесі талқыланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз ЖЭО-ны мемлекет меншігіне беру мәселесі талқыланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір мәселе қаралып жатыр, мен бұл туралы бірнеше рет айттым. Акционер оны мемлекетке 1 теңгеге немесе 0 теңгеге беруге дайын. Бірақ олар 16 жыл бойы ЖЭО-дан бәрін алып, мүлде қолайлы емес жағдайда қайтарғысы келетіні белгілі болды. Бұлай жұмыс істемейді", - деді Роман Скляр парламенттік тыңдаулар кулуарында.
Вице-премьер акционерлер инвестициялауды жалғастыруы керек екенін атап өтті.
"Наурыздың аяғына дейін зауытқа да, жылу желілеріне де ревизия жүргізіледі. Содан кейін ол жерге қанша қаражат салу керек және кім инвестиция салатыны қабылданады. Бұған станция қожайындары да атсалысуы керек деп есептеймін", - деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, қазір азаматтардың сапалы қызмет алуын қамтамасыз ету және бұл жалпы инфляцияға да, тұтынушылардың қаржылық жағдайына да әсер етпеуі арасындағы теңгерімді табу қажет.
"Тек жеке тұлғалар ғана емес, шағын және орта бизнес, бюджеттік ұйымдар. Салыстырмалы шешім қабылданады. Үлескер станцияның шығынды екенін алға тартып отыр", - деп түйіндеді сөзін премьер-министрдің орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также