"Препараттан кейін есінен танды" - Дәрігерлер Шымкентте қайтыс болған полицейдің өлімі туралы

Иллюстрация © smolnarod.ru

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасындағылар жекеменшік медициналық орталықта полицейдің қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасындағылар жекеменшік медициналық орталықта полицейдің қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқармадағылардың айтуынша, 25 қыркүйек сағат 15.52-де Шымкенттің жедел жәрдем станциясына жекеменшік медициналық орталықтан хабар түсті.

"Шақырту 1988 жылғы ер адам үшін жасалды. Себебі - есінен тану. Сағат 15.53-те шақырту бригадаға жеткізілді. Сағат 16.03-те жедел жәрдем медорталыққа жетті. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенде ер адамның көз жұмғаны анықталды. Медорталық қызметкерлерінің айтуынша, "Офло" препаратын салғаннан кейін ол есінен танған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы бұл дерекке қатысты тексеру жүргізу туралы ҚДСД-ға хат жолдады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жекеменшік клиникада полицейдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Шымкент ІІД мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама