ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қараша 2015 15:42
Президент Әкімшілігінде Данияр Ақышевтың орнына жаңа қызметкер тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін бұл қызметті Данияр Ақышев атқарды, 2 қарашада ол ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу