22 желтоқсан 2021 | 12:38

Президент Әкімшілігі "Қазақстанда орыс тілі ықпалын азайту" туралы мәлімдемелерге пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Әкімшілігі ресейлік депутаттардың "Қазақстанда орыс тілі ықпалын азайту" туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Әкімшілігі ресейлік депутаттардың "Қазақстанда орыс тілі ықпалын азайту" туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Открытый диалог" жүргізушісіне кейбір ресейлік депутаттардың жаңа заң жобасына реакциясы туралы сұрағына жауап берді.

"Алдымен айта кету керек, кейбір ресейлік БАҚ-та заң жобасы туралы ақпарат бір жақты, тіпті арандатушылық сипатта дер едім. Кейбір басылым тақырыптары "Қазақстанда сыртқы жарнамада орыс тілін қолданудан құтылады" дейді. Біз сыртқы жарнамада орыс тіліне тыйым салатын заң қабылдағандай. Ең өкініштісі, көп адам бұл қате ақпараттан басқа жаңалықтарды оқымайды. Олар бір тақырып бойынша, қате пікір қалыптастырады. Шын мәнінде, ешкім орыс тілін жоймайды. Біз тек қазақ тілін қолдануды міндеттейміз. Егер жарнама екі-үш тілде болса, ешқандай проблема болмайды", - деді ол.

Реклама
Реклама

"Неге депутаттар бұл мәселеге таңғалды білесіз бе? Бүгінде сыртқы жарнамада, маңдайшаларда, мейрамханалар мәзірде қазақ тілі қолданылмайды немесе дұрыс пайдаланылмайды. Қате жіберіледі. Сондықтан заң жобасында түпнұсқа аударма мен орфография нормаларын сақтау бойынша талаптар жазылған".

"Бүгінде орыс тілін сыртқы жарнамаға қолдануда ешқандай проблема жоқ. Ал қазақ тілінде, өкінішке қарай, бар. Біз жағдайды түзетуіміз керек. Мұны мемлекеттік тілдің қолданылуын неғұрлым сапалы бақылау есебінен қарастырамыз. Орыс тілі ықпалын азайту туралы әңгіме жоқ. Біз тек мемлекеттік тілді сапалы және дұрыс қолдану үшін күресіп жатырмыз", - деп түйіндеді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы Қазақстанда жекеменшік мекемелер маңдайшасы, мәзірлер мен баға белгілері туралы ақпаратты қазақ тілінде жазу неге жоспарланып отырғанын түсіндірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная