29 наурыз 2021 | 15:11

Президент Әкімшілігінде жаңа лауазым пайда болуы мүмкін

Президент Әкімшілігінде Қазақстан басшысының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі қызметі пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Әкімшілігінде Қазақстан басшысының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі қызметі пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы" Президент Жарлығының жобасын әзірледі.

Құжат сипаттамасында Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындау "Президенттің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік билік органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметі тиімділігін арттыру және Президенттің халықаралық бастамаларын ілгерілету мақсатында" жүргізілетіні, ал Жарлық жобасының "әлеуметтік-экономикалық салдары жоқ екені" көрсетілген.

Реклама
Реклама

Президенттің арнайы өкілі қызметін қаржыландыру Президент Әкімшілігіне бөлінген бюджет қаражатынан жүргізіледі. Арнайы өкіл 2021 жылы тағайындалуы мүмкін.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл Президент Әкімшілігі құрамына кіреді. Лауазымға үміткерді Президент Әкімшілігі ұсынады, ал мемлекет басшысы оны тағайындайды.

Құжатты жария талқылау 2021 жылғы 12 сәуірге дейін жалғасады. Жарлық жобасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная