ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2023 | 15:22
Президент Әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды
Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Ринат Мұхаметқалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Ринат Мұхаметқалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімнің жаңа орынбасары әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын болады.
Ринат Мұхаметқалиев 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шалқар ауылында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - заңгер.
Еңбек жолын жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуден бастады (2002-2004). Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды (2004-2009). Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңдық актілер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды (2009-2010). Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары (2010-2021 жж.) болды. 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы.
2022 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также