Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай режимін алып тастады

Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай күшін жойды. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай күшін жойды. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

"Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 17 полиция қызметкері жараланды. Наразылық білдірушілер облыс әкімшілігіне екі рет шабуыл жасады. Алдын ала есептеулер бойынша, залалдың жалпы сомасы 300 миллион теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама