18 мамыр 2022 | 16:57

Президент Алматы әкіміне бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономикалық жағдайы туралы есеп берілді. Осы кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін көтерілген. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі 21,3 пайызға жеткен. Қаңтар оқиғасынан кейінгі қала экономикасының өсу қарқыны екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, Президентке:
Алматының 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын басымдықтар ұсынылды;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы мәлімет берілді:
- маусым аралығында ерте пісетін көкөністер жеткізіледі;
- тұрақтандыру қоры 11-ден 15 миллиард теңгеге дейін көбейген.
- зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің шығынын өтеу жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды:
- бүгінге дейін құны 13,9 миллиард теңге болатын 1556 өтініш мақұлданған;
- зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 97 пайызы қаңтар оқиғасынан кейін жұмысына қайта кіріскен.
- қалада құрылыстың тығыз болуына жол бермеу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы айтылды.

Реклама
Реклама

Ерболат Досаев Мемлекет басшысына Алматыдағы нөсер жауынға арналған кәріз жүйесін жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелерін таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная