22 маусым 2021 19:38

Президент Алматы фонтанында әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады

Абылай Балапанов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы фонтанда әйел мен екі баланы құтқарып қалған студент Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, 20 маусымда әйел мен екі қызды фонтанда электр тогы ұрғаны хабарланған болатын. 

Реклама
Реклама

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлаған. Бұл оқиғаға кінәлілер 5 жылға қамалуы мүмкін.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл оқиғаға қатысты жазба жариялаған

"Адами парызымды орындадым" - студент Алматыдағы субұрқақта әйел мен балаларды құтқаруы туралы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram