ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2022 | 11:22
Президент Алматы облысындағы маңызды міндет туралы айтты
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент аймақ жұртшылығымен кездесіп, облыс алдында аумақтық теңгерімді дамуға қолжеткізу бойынша маңызды міндет тұрғанын айтты.
"Бұл жұмыстағы негізгі көрсеткіштер - азаматтардың негізгі әлеуметтік қызметтерге тең және кең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту. Облыста жыл басынан бері 686 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенімен, тұрғын үй мәселесі әлі де сақталып отыр. Бір ғана облыстың маңындағы елді мекендерде 180 мыңнан асв адам тұрақты тұрады", - деді Мемлекет басшысы.
"Сонымен қатар, облыста тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлер көп, коммуникациялардың тозу деңгейі жоғары. Сондықтан Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге бөлінетін қаржыны ұлғайту тапсырылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также