Президент әр қазақстандықтың ұсынысын ескеруді тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мемлекет басшысы парламеттік реформада әр қазақстандықтың ұсынысын ескеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы парламеттік реформада әр қазақстандықтың ұсынысын ескеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Парламент – Тәуелсіздігімізді және мемлекеттігімізді айшықтайтын маңызды құрылым. Бұл ешқашан өзгермейтін ақиқат, алдағы уақытта да солай болып қала береді.

Жалпы, реформаның негізгі мақсаты, соған сәйкес істелуге тиіс жұмыстың бағыт-бағдары туралы Жолдауда кеңінен айтылды. Референдумға дейін атқарылатын жұмыстың бәрін мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет.

Білікті мамандар өз ойларын ашық айтып, тиімді ұсыныстар беруі керек деп санаймын. Түпкілікті шешім, яғни қоғам пікірі дұрыс болуы үшін осы мәселеге қатысты айтылатын әрбір ой-пікір де әбден тексерілген, екшелген, жан-жақты сарапталған болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан Жұмыс тобы өз міндетін нағыз кәсіби ұстанымға сай атқаруға тиіс".

Президент е-Otinish және е-Gov порталдары арқылы келіп түскен барлық ой-пікірді сараптап, зерделеу қажет екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек. Ата заңға енгізілетін әрбір өзгеріс мұқият пысықталып, дайындалуға тиіс. Әр баптың, әр норманың мән-мағынасына терең бойлаған жөн, яғни құқықтық, процедуралық мәселелерді нақты айқындап алуымыз қажет.

Бұдан бөлек, басқа да көптеген мәселе пайда болуы мүмкін. Қысқасы, алдымызда тұрған шаруа өте ауқымды. Жұмыс тобына үлкен сенім артылып отыр. Істеріңізге сәттілік, табыс тілеймін!"

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама