10 маусым 2022 20:40

Президент "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©Тұрар Қазанғапов

Президент "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қаза болған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым", - деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram