Президент Астананың 20 жылда қалай өзгергенін айтты

© Тұрар Қазанғапов

Елорда ?кімдігінде Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаевты? т?ра?алы?ымен Астананы? даму м?селелері бойынша отырыс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімдігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астананың даму мәселелері бойынша отырыс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз биыл Астананың 20 жылдығы аясында жиналып отырмыз. Астана қысқа уақыттың ішінде әлемге танымал  мегаполиске айналды. Астана бейбітшілік пен келісім қаласы болды. Менің ойымша, осы қала біздің отандастарымызды қуантып, келген қонақтарды таңғалдырып жатыр", - деді Президент.

"Біз өзіміз жеткен жетістіктерге сүйсініп жатырмыз. Бұл біздің халқымыздың жеңісі, қазақстандықтардың жеңісі, әрбір үйді, әрбір кірпішті өз қолымен салғандардың жеңісі. Мұнда біздің де жеңісіміз бар. Бірақ біз осымен тоқтап қалмаймыз, әрі қарай жұмыс істейтін боламыз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Президент Астананың 20 жылда қалай өзгергенін айтып өтті.

"20 жыл уақыт тез өтіп кетті. 20 жылдығымызды тойлаймыз. Менің бірге жұмыс істеген майдандастарымда, жастарда бұрынғы Ақмолаға келген сәті естерінде шығар. Астанаға қараймын да, өзім таңғаламын. Сарыарқа орталығында елорда салдық, әлемді таңғалдырдық (...), - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама