Президент Айбек Дәдебайға алғыс айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Президент Айбек Дәдебайға алғыс айтты Фото: Ақорда

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Президент Әкімшілігіндегі кадрлық тағайындаулар туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Президент Әкімшілігіндегі кадрлық тағайындаулар туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдіргені айтылды.

"Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", - деп жазды Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, 5 мамырда Президенттің жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама