Президент бөлінген қаржыны қалтасына басып қалуға тырысатын "әккі аңшылар" туралы айтты

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны жемқорлық мәселесі алаңдататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны жемқорлық мәселесі алаңдататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында ұлттық жобаларды жүзеге асыруға өте көп қаржы бөлінетінін айтты.

"Осыған байланысты мені жемқорлық мәселесі қатты алаңдатады. Ірі жобаларды жүзеге асыруға байланысты, әсіресе, инфрақұрылымдық құрылыс саласында, мол қаржы туралы ақпарат шыға салысымен-ақ, мұндай жобалар жіті бақылап отырған "әккі аңшылардың" назарына бірден ілігеді. Олар бөлінген қаржының бір бөлігін қалталарына басып қалуға тырысады. Әңгіменің ашығын айтайық. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан Үкімет пен тиісті агенттікке аталған мәселені мұқият қарауды ескертемін. Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың пайдасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Президент ұлттық жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге тапсырма берді.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама