28 қазан 2019 09:10

Президент браконьерлер туралы: Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс

© Тұрар Қазанғапов

Браконьерлер заң бойынша қатаң жазалануы қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Браконьерлер заң бойынша қатаң жазалануы қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек", - деді Президент. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы, шымкент және тағы бес облыста ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесін тұтқындаған. Тергеу кезінде 3 мыңға жуық ақбөкеннің мүйізі табылған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram