ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2021 | 08:12
Президент бірқатар министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатты
Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сегіз министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сегіз министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысының өкімімен:
Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;
Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;
Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также