27 ақпан 2023 | 17:53

Президент бірнеше заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Жарлықта.

Сенат бұл заң жобасын 16 ақпанда мақұлдаған. Хаттаманың негізгі мақсаты - Қазақстан мен Қырғызстанның шекара өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шегін анықтау.

Реклама
Реклама

Хаттамаға сәйкес екі елдің үкіметтері мынадай учаскелерді анықтаған: Қазақстан тарапынан – Алматы, Қордай және Тараз учаскелері; Қырғызстан тарапынан – Есік-Көл, Шу және Талас учаскелері.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринның бұған дейін айтуынша, заң Қазақстанның үшінші елдерге экспорт үлесін 10 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Келісімді қабылдау одақта және үшінші елдің аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын айқындау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тану үшін жағдайлар жасайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная